Шакиров Тәкен Шәйменұлы, Медеу аудандық №2 сотының судьясы, "Ұлт жоспарындағы ұтымды ұсыныстар",\\ "Заң газеті",10.09. 2015жыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасы ұсынған Ұлт жоспары қазір бүкіл мемлекеттік  органдар тарапынан қызу талқылануда. Өйткені, бұл маңызды құжатта мемлекетті дамыған елдердің сапына қосу үшін барлық саланы жетілдірудің жолдары көрсетілген. Ұлт жоспарын орындау мақсатында қолға алынуға тиіс 100 нақты қадамда сот жүйесін халыққа жақындатудың, қаралатын істердің сапасын көтерудің, сот жұмысын ашық, қолжетімді етудің мүмкіндіктері қарастырылған болатын.

    Қарап отырсақ, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған екінші бөлімдегі негізгі басымдықтар бұрын да қоғам тарапынан жиі талқыланған еді. Айталық, сот сатыларын оңтайландыруға  қатысты берілген тапсырманы орындау сот жүйесіне көп қиындық тудыра қоймайды деп ойлаймын. Өйткені, жүйенің дәл осындай өзгерісті қажет еткені соңғы жылдары анық байқала бастады. Қылмыстық істерді үлкен сипат алмағанымен, азаматтық істерді қарауда арызданушылардың бір инстанциядан екінші инстанцияға арыз жазып, істі созбалаңға салуы жиі кездесетін. Осындай жағдайда үш сатылы сот жүйесі азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот жүктемесін азайтуға, тараптардың жауапкершілігін көтеруге сеп болары сөзсіз. Мұндай өзгерісті дер кезінде, еш бөгеліссіз тәжірибеде қолданып кету қазылардың білім-білігіне деген талапты да өсірді. Яғни, 100 нақты қадамда сот инстанцияларын оңтайландыру мәселесін тиімді шешу судьяларға деген талапты көтеруге алып келді.

Tags: