Бердыбеков Азамат Өмірбекұлы, Алматы қалалық сотының кеңсе басшысының орынбасары ,// "Ана Тілі №46(1304)",//"19-25. 11.2015жыл.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша елімізде сот саласын реформалау да көзделіп, бұл орайда бірқатар міндеттер айқындалғаны белгілі. Мәселен, бағдарламада сала мамандарын іріктеудің тәртібін күшейту, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, 3 сатылы сот жүйесін құру, соттарды іріктеу тетіктерін жаңарту, болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болу талабын енгізу, жоғары сотта инвестициялық алқа құру және т.б. міндеттер атап көрсетілген.   

         Бүгінгі таңда «Электронды сот өндірісі, атап айтқанда, «Сот кабинетін» дамыту және сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мақсатында заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады. Азамат, оның өкілі  немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы сот құжаттарымен танысып шығып, істің қаралу деңгейін біліп, сот актісін қағазға басып шығару мүмкіндігіне ие болды.   

 

 

Tags: