Жұбатов Талғат Жайлаубаевич, Түрксіб аудандық сотының кеңсе меңгерушісі,// "СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫ- АЗАМАТТЫҢ ТҮЗЕУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРУ" //"Заң газеті",// "23.12.2015жыл"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 100 нақты қадамды белгілеген Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін 19 қадамды нақты бағыт, негіз етіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан болғанға дейін де, егеменді ел атанған тұста да, болашақта да қоғамдағы дау-жанжал, қылмыс, қателік мүлдем жойылып кетпейтіні анық. Алайда, оның жолын азайтып, тәрбиеге бас игізіп, өзара процессуалдық келісімге шақырып, қате қадам басқан азаматтың түзелуіне шара қолдану сот жүйесінің негізгі ұстанымы десем артық айтпағаным.

Бұрындары азаматтық процесс жұмысты қалпына келтіру, тұрғын үйден шығару, ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу, алимент өндіру, денсаулыққа келтірілген залалды өндіру бойынша жүргізілсе, қазіргі таңда нарықтық бәсекелестікке байланысты сот істерінің жаңа санаттары пайда болды.Яғни, бұрын ұрлық, бұзақылық, мас күйде жасалған қылмыстық істер қаралса, қазір осы тектес қылмыстық әрекеттер неше түрлі ұйымдасқан топтардың алдын ала жоспарлауы, қарулануы, қаржыландырылуы мен қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы арқылы жасалады.

Tags: