Мырхалыков Абат Джумаханович №2 Жетісу адандық сотының судьясы, " Жаңалықтың бәрі халық игілігі үшін жасалады", \\"Заң газеті",04.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот жүйесінің қоғамдағы жаңалықтардан, ізгі бастамалардан тыс қалмайтыны белгілі. Осы уақытқа  дейін жалпы сот жұмысының жандануына, құрылымның  нығаюына, заңнамаларды жетілдіруге бағытталған көптеген жұмыстар қолға алынды. Мемлекет пен Елбасы тарапынан көрсетілген қолдаудың, қамқорлықтың арқасында сот саласы адам танымастай өзгерді. Құрылымның материалдық – техникалық әлеуеті артты. Қазылар мен кеңсе қызметкерлерінің жедел, сапалы қызмет етуіне мол мүмкіндік туды. Мұны Жоғарғы Сот төрағасы да үнемі судьялардың есіне салып, ендігі жерде мемлекет пен халықтың сенімін ақтап, кәсіби маман ретінде жоғары нәтижелер көрсету керектігін ескертуде.

Tags: