Гулмира Бейсенова, Медеу аудандық сотының судьясы, "Кәсібін сүйген қиындықтан қашпайды", \\ "Заң газеті", 03.09.2015ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот  жүйесі – қоғамды алға қозғаушы күш. Судьялар – елдегі тура төреліктің, заңдылықтың айнасы. Бұл жазылмаған қағида және осындай үлкен міндетті, жауапты қызметті атқарып отырған сот жүйесіне де, судьялар қауымына да талаптың жоғары болатыны шындық. Өйткені, халық сот билігінің өкілі ретінде судьялардан ең биік қасиеттерді, терең білімді көргісі келеді. Судьяны қарапайым лауазым иесі емес, төрелік алаңының төбе биі деп түсінеді. Ал, бүгінгідей сот жүйесіне, судьяларға деген талаптың қатаңдатылуы сол қоғамның сұранысын қанағаттандыруға деген тілектен туса керек.

Мәселен, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық  реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам»  - Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз етудің тетігі ретінде сот жүйесінің кем – кетігін түзетуді мақсат еткен бірнеше міндет тізбектеліпті. Қазақстан судьяларының  VI съезінде Елбасы: «XXI  ғасырдың айрықша маңызды талаптарының бірі – мінсіз, тиімді, халықтың сенімінен шығатын сот саласын құру. Бейтарап және әділетті сот кез келген мемлекеттің негізі», - деп көрсетті.

Tags: