Дильдабаев Елмахан Екияевич №2 Жетісу аудандық сотының судьясы, "Ұлт жоспарындағы міндеттер Біртіндеп шешіліп келеді",\\ " Заң затеті", 12.08.2015ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына бес институционалдық институтты негіз еткен Ұлт жоспарын ұсынғанына көп өте қойған жоқ. Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде онда сотжүйесінің дамуына да ерекше ден қойылған. Бүгінде бұл Ұлттық жоспар барлық сала мамандары тарапынан қызу талқылануда.  Мақсатымыз ортақ, «Илегеніміз бір терінің пұшпағы»  болғандықтан Елбасы ұсынған бастамаларды ілгері жылжытудан, жүктелген міндетті орындаудан біз де шет қалмайсыз. Соған орай, Ұлт жоспарында көрсетілген «100 нақты қадамның» артықшылықтары мен өзгешеліктерін көпшілікке түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алып келеміз. «100 нақты қадам» - Қазақстан мемлекеттігін нығайту жолы» деген атпен жақында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотында өткен семинар сөзімізге дәлел бола алады.

 

Tags: