Әбдіхалықов Дәулет Көбейұлы, "Үш сатылы сот халықаралық тәжірибеде бар үрдіс ",\\"заң газеті", 08.09.2015ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ұлт жоспарына сәйкес, сот жүйесінде бірқатар өзгерістер болады деп күтілуде. Соның ішіндегі ең маңызды өзгерістердің бірі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігіне көшу болып отыр. Үш сатылы сот жүйесі халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Әлемдегі сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аралық сатылардың көп болуы сот процестерін ұзартуға, сот шешімін сөзбұйдаға салуға ықпал етеді. Сондай – ақ, 26- қадамда сот рәсімдерін оңайлатып, сот процестерін жеделдету үшін азаматтық – құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту жайы айтылған. Сонымен қатар, жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту да маңызды қадамның бірі болмақ.

Дәл қазіргі уақытта 100 нақты қадам бойынша сот жүйесінде айтулы жұмыстар атқарылуда. Ол сот жұмысын одан ары нығайтары даусыз

Tags: