Бостандық ауданының №2 аудандық соты

Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

29/07/2021

Бостандық ауданының №2 аудандық соты пробация қызметінің Т. - ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Сотпен анықталғандай,  Т., сотталушының жазасын өтеу тәртібін біле тура (2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған), тіркеуге келмей, себепсіз мәжбүрлі жұмысты орындаудан бас тартқан. 

Сот талқылауы барысында ол бала күтушісі болып жұмыс істейтіндігімен және науқас ата-анасына қарайтындығымен өзін ақтауға тырысты, бірақ белгіленген мерзімде тиісті анықтамаларды ұсынбады.

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті

20/03/2014

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті.

Антипова Оксана Алексеевна ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «Б» тармағымен, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевич ҚР ҚК-нің 176 бабы 4 бөлігі «Б» тармағымен сотқа берілді.

Іс бойынша алдын ала тындау 23.03.2014 жылы сағат 10-00-ге тағайындалды.