Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бостандық ауданының №2 аудандық соты пробация қызметінің Т. - ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Сотпен анықталғандай,  Т., сотталушының жазасын өтеу тәртібін біле тура (2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған), тіркеуге келмей, себепсіз мәжбүрлі жұмысты орындаудан бас тартқан. 

Сот талқылауы барысында ол бала күтушісі болып жұмыс істейтіндігімен және науқас ата-анасына қарайтындығымен өзін ақтауға тырысты, бірақ белгіленген мерзімде тиісті анықтамаларды ұсынбады.

ҚР ҚК 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылады.

Сот отырысында Т. жіберілген бұзушылықтар туралы фактілерді толығымен мойындады, бірақ ұсыныспен келіспеді және соттан оның мінез-құлқын түзетуге тағы бір мүмкіндік беруді сұрады. 

Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтелмеген мерзімге – 1 жыл 10 ай 4 күнге бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті.

Сотталушы қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бостандық ауданының №2 аудандық соты