Жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Ж» талапкердің «KURT&KURT» ЖШС-не  еңбекақы бойынша қарыз сомасын, сот шығынын және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Ж.»  «KURT&KURT» ЖШС-не  еңбекақы бойынша қарыз сомасын, сот шығынын және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Өзінің талап арызында талапкер «KURT&KURT» ЖШС-де коммерция директоры қызметінде 01.09.2011ж.дан жұмыс істеп келе жатқанын және жұмысқа кіргеннен бастап оған қатысты ешбір тәртіптік жазалар қолданбағанын көрсетті. 13.04.2016 жылы талапкер «Ж» кеңсеге жұмысқа келген кезде, оған «KURT&KURT» ЖШС-нің директоры «Б» 08.04.2014 жылдан бастап ҚР ЕК 52 бабының 1бөліміне сәйкес жұмыстан босатқандығы туралы хабарлайды. Талапкер еңбек келісімін бұзу туралы бұйрықпен таныспады және бұйрықтың көшірмесі берілмеді.

Еңбек келісімін бұзу туралы хабарлама заңнамаға сәйкес жолданбады, сондай-ақ ҚР ЕК 52 бабының 1бөліміне сәйкес еңбек келісімін бұзу үшін негіз болған себептер де хабарланбады.

Сот шешімімен талапкердің талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі