Жол-көлiк оқиғасына себепші жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 345 бабының 1 бөлігімен  (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа берілген «А» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 12 сәуірінде  «А» сотталушы Қазақстан Республикасы жол жүру ережелерінің 10.1 және 14.1 баптарын бұзып, жүргізген «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігімен «Б» жаяу жүргіншіні басып кетті. Сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жол-көлiк оқиғасының ақырында жәбірленушіге 21 күн мерзімге денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтірді.

Сотталушы сот отырысында тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын қайтарып бергенін айтты.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 1 бөлігімен  (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа берілген «А» азаматқа қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты