«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында  «Жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»  туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында Бостандық аудандық сотының мамандары қатысты.Дөңгелек үстел тақырыбын талқылау барысында Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңға сәйкес негізгі қағидалары, олар:  өтінішті қабылдау, тіркеу, қарастыру мерзімдері, қарауды тоқтату негіздері  талқыланды. Сонымен  қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты  құқықтық қатынастарды реттеудің незгі принциптері яғни заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірыңғайлығы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының  кепілдіктері, өтініштерді  қарау кезіндегі төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, өтініштерді қарау кезіндегі ашықтылық сұрақтары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ойлармен бөлісіп, өткізіп жатқан шараның маңыздылығын белгіледі.  

Источник: 
Алматы қаласының Бсотандық аудандық соты