Жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгісімен көлік басқарғаны үшін арнайы құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 590 бабы 4 бөлігі бойынша М. қатысты әкімшілік ісі қаралды.                                                                                                                                                                          

Басты мәтіні: Жүргізуші М. 10.04.2017 жылы 01:00 шамасында Алматы қаласы Саин көшесімен оңтүстік бағытта  Жандосов көшесінің қиылысында бағытта «Лада»  автокөлігімен мемлекеттік нөмірінсіз көлікті жүргізгені үшін жол патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Медициналық сараптамасының қортындысымен азамат М. Есірткі қолданғаны дәлелденген, сонымен қатар жол жүру ередесінің 2.4.2 талаптарын бұзған.

Сондай –ақ жүргізуші М. 10.04.2017 жылы 01:00 шамасында Алматы қаласы Саин көшесімен оңтүстік бағытта  Жандосов көшесінің қиылысында бағытта «Лада»  автокөлігімен тіркеу құжаттарымен сәйкес емес 827 АЕВ 05 жалған мемлекеттік нөмірімен көлікті жүргізгені үшін жол патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот қаулысымен    М. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру ретінде 4 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты