Жалақы қарызы бойынша талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық соты жауапкер ЖШС «AД-дан талапкер О.-ның пайдасына, жеке талап қоймаған үшінші жақ жалақысын төлеуге өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер О. соттан «АД» ЖШС-нен жалақысын өндіріп беруін сұрап, келесі мән-жайларды негіздеді: жауапкер  01.01.2014 жылғы бұйрық негізінде,  80 мың теңге жалақысымен есепші болып ЖШС-не жұмысқа қабылданған. 2014 жылдың қараша айынан бастап жауапкер оның еңбекақысын төлемеген. 2017 жылдың сәуір айының жағдайы бойынша жалақы бойынша берешектер 1 429 966 теңгені құраған.

Сот отырысы барысында айыпталушының өкілі талап арызбен келісіп, соңғы төлем жасалынған  күнінен бастап жұмыстан босатылғанға дейінгі жалақыны қалпына келтіруді сұрады.

Сот шешімімен О.-ның талап арызы  қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты