Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотындазаңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған деген айыппенсотқа берілген Қ.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Қ. 2017 жылдың қаңтар айында онлайн-казино ұйымдастыру мақсатымен Алматы қаласы Төле би көшесінің бойында бөлмені жалға алған. Бөлмеде ойынды ұйымдастыруға арналған жабдықтарды қойып, құмар ойындар сайтына қосылу арқылы электронды казино ұйымдастыруға арналған бағдарламаны орнатып, ауызша келісіммен қызметкерлерді алып, ақшалай ұтыс алуға бағытталған онлайн-казино ұйымдастырған.

2017 жылдың 23 қаңтарында Алматы қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел сатып алу шараларын өткізу барысында ақшалай ұтысы бар ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны туралы деректер анықталған. 

Сотта сотталушы Қ. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылды. Оған мүлкі тәркіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі