Заңнаманың талаптарына сәйкес қарызды өндіруе тура келеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «БЦК» АҚ-ның жауапкерлер Р.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 27 мамырда 2015ж. «БЦК» АҚ мен Р. арасында банк қарыз шарты жасалған, осыған сәйкес жауапкерлерге 24 ай мерзімге, жылдық 19,6 % мөлшерінде сыйақымен, 906 000 теңге банктік қарыз берілген.

Банк өз тарапынан жауапкерлер алдында қойған міндеттерін толықтай орындаған, қарыз шартына сәйкес ақшаны берген.

Бірақ қарыз алушы өзіне қарыз ақшаны және сыйақыны қайтару бойынша қабылдап алған міндеттерін тиісті түрде орындамаған.

Сот шешімімен «БЦК» АҚ-ның талап арызы  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты