Заңды тұлғаның талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «КазТрансГаз Аймақ» АҚ жауапкер  Т.-тан газ құбырын қалпына келтіруге өтелген сомманы өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 26 шілде 2016 жылы Т. «S»  автокөлікті жүргізу кезінде, Д-57 орта қысымды газ құбырының аркалық көшуін қағып кеткен. Соққы нәтижесінде  орта қысымның клапыны жұлынып, корпусы сынған. Сонымен қатар газ құбыры бір тіреуден ұшып кеткен. Газ құбыры асылып қалды.

ҚР АК 917 бабының 1 бөлігіне орай, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

ҚР АК 931 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

Сот талап арызды толық мөлшерде қанағаттандыруды  шешті.  

Шешім заңды күшіне енді.

                                                   

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі