Залалды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің  «Р» жауапкерге қатысты азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.  

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің бұйрығымен жауапкер толық материалдық жауапкершілік туралы келісім жасап, «Самғау кешенінің бас менеджері қызметіне қабылданды. 2016 жылдың 13 маусымындағы бұйрық негізінде ұзақ мерзімді активтердің түгендеуі жүргізілді. Түгендеу  барысында 1 124 550 теңге мөлшерінде жетіспеушілік анықталды.

Азаматтық істі қарау барысында, тараптардан дауды  медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат түсті. Келісімге сәйкес, талапкер өзінің талап арызынан бас тартуға, ал жауапкер 30 ай ішінде 25 000 теңгеден Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің есеп шотына төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының ақпарат қызметі