Архив событий

21/02/2017

Некені бұзу туралы дау медиация тәртібінде қаралды

21/02/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Н» талапкердің «Д» жауапкерге некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Азаматтық іс  материалдарына сәйкес, тараптар 2002 жылы  неке құрып,  2016 жылға дейін бірге тұрды. Мінездерінің сәйкес келмеуіне байланысты, талапкер некені бұзу туралы талап арыз  берген.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

21/02/2017

Алматы  қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен Н. қатысты ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен қылмыстық іс қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Келісім шарт бойынша міндеттерді орындамау заң бойынша жауапкершілікке тартуға алып келеді

21/02/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Орталық заттар қоймасы» РММ-нің жауапкер «KCS» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Келісім шарттар жарамсыз деп танылды

21/02/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің жауапкерлер «C.A.D.С.» ЖШС-гі мен «NL» ЖШС-гі арасында жасалған келісім шарттарды жарамсыз деп танутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот құрылысты өз шотынан мәжбүрлеп бұзуға міндеттеді

21/02/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыжауапкер «А-К» ЖШС-не заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ұйғарым талабын орындауға міндеттеді

21/02/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы Басқармасы» КМБ-ның жауапкер «А.» ЖК-не ұйғарымын орындауға міндеттеу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.