Заемшы тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Микрокредитная организация «Kaz Credit Line» ЖШС-нің жауапкер К.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 04 маусым 2015 жылы «МО «Kaz Credit Line» ЖШС-гі мен К. арасында шағын кредит беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша жауапкерге 360 күн мерзімге, жылдық 45% сыйақымен 200 000 теңге шағын кредит берілген.

Талапкер өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындап, шағын кредит беру туралы шартына сәйкес ақшаны берген.

Жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алып және қазіргі кезге дейін шартта келісілген төлем түспеген.

Қарыздың бар болуы, талапкердің үсынған шартымен, берешек есебі және істегі басқа құжаттармен дәлелденеді.

ҚР АК 722 бабының 1 бөлігіне сәйкес, заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi

Сот талап арызды қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты