Ұсыным қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында жеке сот орындаушысы Н.-ның борышкер Т-ға қатысты іздеу жариялау туралы ұсынымы қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, борышкер Т. кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға алимент төлеуден жалтарып жүрген.  Сондай-ақ ол  өзінің тіркеудегі мекен-жайы бойынша тұрмаған,  сот орындаушыға нақты тұрғылықты жері туралы мәлімет бермеген.

ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45-бабының 1-бөлігіне сәйкес, борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті.

Сот ұйғарымымен жеке сот орындаушысының ұсынымы  қанағаттандырылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты