Ұсақ-түйек жымқыру туралы қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 187 бабының 1 бөлігімен  (ұсақ-түйек жымқыру) сотқа берілген «Д» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 12 сәуірінде сағат 12.00 шамасында сотталушы «Д» «Гелиос» жанармай құю станциясының супермаркетте 2 500 теңгені құрайтын шақпақты жасырын жымқырып кеткен.

Сотталушы сот отырысында тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын қайтарып бергенін айтты.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 187 бабының 1 бөлігімен   сотқа берілген «Д»-ға қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты