Ұрлау туралы қылмыстық іс келісім өндірісінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөлігі 1 -тармағы бойынша Д.Т.А.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында 12 наурызда 2017 жылы сағат 20.00 шамасында Алматы қаласы, Ұлжан-2 шағын ауданында, «Әлем» дүкенінің жанында Д.А. Ә.Т.-ны көріп, оның мүлкін ашық тонау мақсатында соңғының өміріне, денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы бет тұсынан бірнеше рет ұрып, оның шалбарының оң жақ қалтасынан 700 теңге ақша қаражатын ашық жымқырып алып, оқиға болған жерден бой тасалағаны анықталды.

Іс өз кінәсін мойындау жөніндегі процестік келісім өндірісінде қаралып, Д.А. соттың айыптау үкімімен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөлігі 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау қойылып, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен қатар ҚР ҚК-нің 44-бабымен көрсетілген міндеттер жүктелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі