Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық, ірi мөлшерде жасалған ұрлық) айыпталған  Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, Д., 22.07.2016 жылы сағат 12:00 шамасында өзінің қылмыстық обьектісін іздестіріп, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесінің бойында орналасқан «Книжный город» кітап сату сауда үйінің қасына келген. Сөйтіп, қарама қарсы Розыбакиев көшесінің шығыс бөлігінде орналасқан «Toyota FJ Cruiser» маркалы, автокөлігін көріп, көліктің қасына келіп,  көліктің алдыңғы оң жақ орындығының астында тұрған қара түсті сөмкесін көріп, өзінің қылмыстық қолсұғушылық обеъктісі ретінде А.-қа тиесілі 1 400 000 теңге көлемінде ақшасы бар сөмкесін жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен, ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан.

Сотталушы  Д., сот отырысында өзіне тағылған  айыпты толық  мойындаған.

Сот үкімімен Д., Қазақстан Республикасы Қазақстан Кодексінің             188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу, оған түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты