Үкім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 393 бабымен (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) сотқа берілген Б.-қа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б.-қа Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 01.01.2017ж. қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасын қолданды. Алайда, сотталушы сот қаулысына қарамастан, Қазақстан Республикасының аймағында тұрып, жұмыс істеуді жалғастырды, сол себептен 1 мамырда 2017 жылы құқық қорғау органының қызмекерлерімен ұсталған.

Сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 393 бабымен  сотқа берілген Б. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 25 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға жазаланды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты