Үкім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасаған  Р.А.С. айыптауы бойынша (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен, бөтеннің мүлкін жымқыру немесе бөтеннің мүлкіне құқық иелену) қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны бойынша, 2016 жылдың қаңтар айында, Р. «www.olx.kz» сайтына «Iphone 6» маркалы ұялы телефондарды 100 000 теңгеге сатылатыны туралы хабарландыру салған, онда байланыс телефонын көрсеткен. 2016 жылы 7 қаңтарда Р.С.-қа аталған маркалы ұялы телефонды сатып алу мақсатымен К. жүгінген, мұнда ойлағанын жүзеге асырып, Р. сатып алу шарттарымен таныстырған және Алматы қ. Жұбанов пен Момышұлы көшесінің қиылысына кездесу тағайындаған. Сотталушының қылмыстық ойы туралы сезіктенбеген К.., Е. – мен бірге сол күні шамамен 22 сағат 40 минутта келген, кездесу барысында Р.С.-қа 200 000 теңге берген, соңғы алу туралы қолхат жазып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен. Солай, К.А. – ға 120 000 теңгеге, Е.Ж.  – ға 80 000 теңге сомасына материалдық залал келтірген.

Соттың үкімімен сотталушы Р.. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, және аталған бап бойынша 1 (бір) жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру түріндегі жаза және жазаны жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі