Әуэзов аудандық сотында медиация мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында «Медиация институтын қолдану» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттын төрағасы К.Сырлыбаев, аудандық соттың судьясы, кеңсе менгерушісі, кәсіби медиатор және аудандық сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңның талаптарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дауларды шешудің баламалы әдістерін жайлы азаматтардың хабардарлығын арттыру сұрақтары көтерілді. Дөңгелек үстел барысында «Медиация орталығы» Халықаралық құқыққорғау орталығының кәсіби медиаторы С.Қадыр медиация институтының мақсаты мен міндеттері, медиативтік келісімнің нысаны мен мазмұны, дауды тиімді реттеудің  мерзімдері  жөнінде түсіндірді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі