Тұтынышылардың құқығы сотпен жартылай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  «NORD»  тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Алматы қаласы қоғамдастығы  К.А. мүддесінде сотқа жауапкер «Dv» ЖК  сот шығындарының сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді, өздерінің талаптарын келесімен дәлелдеген. Тұтынушы  К.А.  2014 жылдың қарашасында ИП «DV» тюлдерді, перде, бахрома, балалардың ұсақ-түйек заттары үшін қораптарды, киімдерді тігу және карниздерді және басқа да  керек-жарақтарды орнату бойынша тапсырыс жасаған. Соттан «DV» ЖК  2 037 424 теңге мөлшерінде соманы, 95 000 теңге мөлшерінде сот шығындарын өндіріп беруді сұрайды.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 16-2-бабына сәйкес сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан, кез келген тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеуді талап ету құқығы танылады.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының  15- бабының 6-тармағына сәйкес Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша  шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының   сомасын өндіру туралы талап арызы- ішінара қанағаттандырылған.    ЖК «Dv» А.К. пайдасына 541 946 теңге мөлшерінде   өндірілсін.

Аталған шешім заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі