Тонау жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен айыптау бойынша (тонау) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың қаңтар айында сотталушы А. тергеумен анықталмаған тұлғамен бірге қолының білегімен жәбірленуші Б. мойнынан қылқындырып ұстап тұрып, оның қолындағы сөмкесін ашық түрде жымқырып оқиға болған жерден бой тасалаған. Нәтижесінде сотталушы А. қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Б. 111 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Осы іс бойынша басты сот талқылауында Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры мен сотталушы А. арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған. Процестік келісімде көрсетілген барлық талаптардың орындалуына байланысты, сот іс бойынша айыптау үкімін шығарып, процестік келісімге сәйкес жаза тағайындауға жеткілікті негіздер бар деп есептеді. 

Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігінің 1,3 тармақтарындада көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп табылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі