Тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (тонау) сотқа берілген М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

20 желтоқсан 2016 жылы күндізгі сағат 15, 16 кезінде М. Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы, Сұраншы батыр көшесіндегі үйдің жанында бұрын жүрген қызы Т-ны аңдып тұрып, ұстап алып, пайдакүнемдік ниетпен бөтеннің мүлкін ашық ұрлау туралы ойын жүзеге асыру мақсатында бетінен екі рет ұрып, аяғынан шалып жерге құлатып, яғни ұрып-соғып, денсаулығы мен өміріне қауіпті емес күш қолданып, құны 50 000 теңгелік «LG» маркалы ұялы телефоны мен ішінде 10 000 теңге ақша қаражаты бар құны 3000 теңгелік қара әмиянін ашық ұрлап, нәтижесінде мүлік иесі Т-ға барлығы 63 000 теңгені құрайтын материалдық зиян келтірген.

Іс бойынша талап арыз бар, азаматтық талапкер азаматтық талаптан бас тартқан, бас тартуды қабылдау жайында сот қаулы шығарды.

Сот М-ні ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған өзіне тиесілі мүлкін тәркілей отырып үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын тағайындады.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі