Тиісті деңгейдегі қауіпсіздікті сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК 149 бабының 1 бөлігімен (террористтік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамсыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау) «Ж.А. ЖМ» коммерциялық емес білім беру мекемесіне қатысты әкімшілік ісі қаралды.

2017 жылы 31 наурызда Алматы қаласы ІІД Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерімен тексеру кезінде  Алматы қаласы Жамбыл көшесінде орналасқан «Ж.А. ЖМ» коммерциялық емес білім беру мекемесі топтағы адам жиналу орны болып табылады, 400 адамға арналған мейрамхана бола тұра , сондай-ақ 13.07.1999 жылғы ҚР «Терроризмге қарсы» заңнамасының талаптарын бұзғаны ҚР Үкіметінің «Объектінің террорлыққа қарсы жүйесін бекіту» туралы қаулысының талаптары анықталған.

Тексеру актісінің негізінде келесідей бұзушылықтар анықталған: бейнебақылау жүргізу телевизиялық жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, және де ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулік; мекеменің оң жақ бетінде және де адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау орнатылмаған.

10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористтік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористтік әрекеттің алдын-алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:

1)    Тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

2)    Үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

3)    Персоналды үй жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу жаттығу іс шараларын өткізу;

4)    Жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

5)    Объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

6)    Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары және (немесе) қызметкерлері жасаған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвокуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

Сот қаулысымен «Ж.А. ЖМ» авторлық мекетеп, коммерциялық емес білім беру мекемесі әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру ретінде, 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 453 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты