Татуласу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «С»- ның жауапкер  «Е» ЖШС-нен   еңбекақыны өндіру, уақыташа жұмысқа жарамсыздық бойынша, еңбек демалысына және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Тараптардың сот отырысында дауды  татуласу келісімге келуіне байланысты, аталған келісім сотқа ұсынылған:  талапкер «С» -мен жауапкер «Е» ЖШС-нің татуласу келісімнің шарттары бойынша, 2019 жылдың ақпан айының  28-ші жұлдызына дейін,  жауапкер «Е» ЖШС-і  650 000 теңге ақша қаражатын еңбекақы бойынша төлем ретінде, 280 000 теңге ақша қаражатын төрт айға уақытына  жұмысқа жарамсыздық бойынша,  төлеуге міндеттелген,  аталған қаражат соммасының ішіне 49 720 теңге ақша қаражаты жеке табыс салығы ретінде және 93 000 теңге ақша қаражаты несие жарнасы ретінде төленуге тиіс. 2005 жылдың  желтоқсан айының 05-ші жұлдызындағы  талапкер «С» мен жауапкер ТОО «Е» арасында жасалған еңбек шарты,  талапкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығынан шыққан уақыт деп белгіленіп, еңбек шарты бұзылған болатын. Талапкер «С» өзінің талап арыздарынан толық көлемде бас тартып, алдағы уақытта жауапкерге қатысты мүлікті және мүліктік емес қарсылықтар білдірмеуге міндеттелген болатын.

Келісімнің шарттары заңға қайшы келмейді  және тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайды. Соттың ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты