Тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер А.  жауапкер  Б. мүлікті бөлу туралы  талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтініш хатпен жүгінген.

Азаматтық  процесстік кодекстің 179-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш хат беруге құқылы.

Сотта тараптар судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендіктен, сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты