Тараптар медиация тәртібінде жанжалды (қақтығысты) реттеу туралы өтініш білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотымен К.-ның «ЭД» ЖШС-на жерүстілік автотұрақты жекеменшікке өткізу мен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу талабы және «ЭД» ЖШС-ның К.-ға жағдайдың аяқталғанын мойындау туралы талабы қарастырылды.

Сот отырысы барысында тараптар жанжалды медиация тәртібінде реттеу өтінішімен сотқа жүгінді, оған сәйкес К. «ЭД» ЖШС мәлімдеген қуыным талаптарынан бас тартады; сонымен қатар «ЭД» ЖШС да К. мәлімдеген қуыным талаптарынан бас тартуда; К. және «ЭД» ЖШС Тараптар қол қойған медиативті келсімді мойындау туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген 10 күнтізбелік күн ішінде Алматы қ., Наурызбай ауд., Рахат ы.а., Асқаров көш.21/С ү. мекенжайында орналасқан аумағы 0,0013 га шатырдың астындағы жер учаскесін сатып алу-сату келісімшартына отыруға міндеттеледі; «ЭД» ЖШС Тараптар қол қойған медиативті келсімді мойындау туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген 10 күнтізбелік күн ішінде К.-ға 2 735 теңге көлеміндегі баж салығының шығындарын өтеуге міндеттеледі.

Медиация тәртібінде жанжалды реттеу туралы келісім жасау мен АІЖК-нің 48, 170, 172, 180, 278 баптарында көзделген іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді.

Келісім жасау шарттары заңға қайшы келмейді, ешкімнің құқықтары мен заңды мүдделеріне шектеу келтірмейді, сол себепті бұл келісімді сотпен бекітіле алады, ал жүргізілген іс АІЖК-нің 277 бап 6 тарабына сәйкес тоқтатылды.

Сот ұйғарымымен К. мен «ЭД» ЖШС арасындағы жанжал (қақтығыс) медиация тәртібінде реттеу туралы келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшке енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты