Тараптар медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы (ұрлық) бойынша Ж.Т.А.-қа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында А.Ж.Т. 07.03.2017 жылы 19.00 сағат шамасында Алматы қаласы, Сокпакбаев көшесінде орналасқан 9-қабатты үйдің жанында болып, жолдың шетінде қойылған «Газель» маркалы автокөлігін көріп, жанына келіп, автокөліктің ішінде еденде тұрған аккумуляторды көріп, бөтеннің мүлкін ұрлауға қылмыстық ниет туып, автокөліктің жолаушы жағындағы есігін бұзып ашып, автокөлікке заңсыз кіру арқылы аккумуляторды жасырын жымқырған.

Сот қаулысымен А.Ж.Т. ҚР ҚК-нің 68-бабының негізінде жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласқанына байланысты  ҚР ҚК-ң 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі