Тараптар бейбіт келісімге келді және ол сотпен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкерлер К.-ның жауапкер «A.R.» ЖШС-не жылжымайтын мүлік меншік құқығын қорғау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар татуласу келісімі туралы өтініш берді. Сот татуласу келісіміне дейін тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

ҚР АІЖК 277 бабының 5 бөлігіне орай, сот, егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Келісім-шартқа сәйкес тараптар келіседі: талапкер өзіне тиесілі меншік үй құрылысын жауапкерге береді; жауапкер үй құрылысының меншік құқығын өз атына тіркейді және  осы татуласу келісіміне қол қойғаннан кейін және татуласу келісімі туралы сот ұйғарымын алғаннан кейін, құрылыс үй үшін талапкерге 15 000 000 теңге сомасын төлеп беруге міндеттенеді.

 Сот ұйғарымымен татуласу келісімін бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты