Таныстыру сот отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алатау аудандық сотының ғимаратында судья Т.Макуловтың төрағалық етуімен таныстыру  сот отырысы өтті. Ашық сот отырысында Алматы қаласының №169 гимназия оқушылары көрермен ретінде қатысты.

Таныстыру сот отырысында  ҚР ҚК 106-бабы 1 бөлімімен айыпталған  азамат О-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысынан кейін оқушылар сот жүйесінің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, таныстыру барысында әр оқушы өзін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сот отырысының жүргізу барысын  жасөспірімдер аса қызығушылықпен тыңдады.

Таныстыру сот отырысының негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, онымен қоса жасөспірімдердің құқықытық сауаттылығын арттыру болып табылады.

      

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты