Талап арыз толықтай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер«Агенство по работе с дебиторами»  ЖШС-нің жауапкер М.-ға қатысты   қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

2012 жылдың маусым айының 12- жұлдызы күні «Альянс банк» АҚ және М. арасында жасалған банктык қарыз шарты бойынша, банк жауапкерге 552 359 теңге көлемінде мерзімді бөліп төлеу және сыйақы шартымен  несие береді.

Банк тарапы келісімді толық орындады, жауапкер несие қаржы соммасын толық көлемде алған болатын, алайда  алынған қаражатты жауапкер банкке өтемеген.

2015 жылдың маусым айының 24-і жұлдызында жасалған факторинг шарты бойынша, «Агенство по работе с дебиторами»  ЖШС-і борышкерлерденнегізгі қарыз соммасын, сыйақы мөлшерін және айып төлемдерді өтеуді талап етуге құқылы.

Талапкердің есебі бойынша жауапкердің қарызы 777 925 теңгені құрайды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты