Іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «С» ЖК жауапкер Т.-дан жалға-алу төлемін, коммуналдық және басқа да төлемдерді өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан,  талапкер 27 мамыр 2016 жылы жауапкер Т.-мен тұрғын үй-жайды жалға беру шартын жасаған. Жоғарыда айтылған жалға беру шарттына сәйкес, жауапкер Т. жалға алу мерзімінің бүкіл кезеңінің ішінде, әр үш ай сайын 380 000 теңгеден пәтердің төлемін төлеуге міндеттенген.

Бірақ, Т. жоғарыда аталған келісімнің шарттарын тиісінше толық орындамаған. Талапкердің түсініктемесіне сәйкес жауапкердің қарызы 504 817 теңгені құрйды.

Талап қоюшының өкілінің істі сырттай қарауды талап еткені ескеріліп, аталған азаматтық іс ҚР АІЖК 256 бабына сәйкес, сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот  шешімміен талап арыз  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты