Субсидиарлы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «WhiteApple» ЖШС-нің ББ-ның жауапкер Б.-ты субсидиарлы жауапкершілікке тарту және соманы өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, 09 қазан 2015 жылы «WhiteApple» ЖШС-нің жалғыз қатысушысының шешімімен қаулы етілді, «WhiteApple» ЖШС-нің төлемге қабілетсіз болуына байланысты өз еркімен банкрот деп тану. «WhiteApple» ЖШС-нің салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке қарыз сомасы салыстыру актісіне сәйкес 4 564 001 теңгені құрайды.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылдың 15 маусымдағы қаулысы бойынша  «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкер «WhiteApple» ЖШС-гін банкрот деп тану туралы арызы қанағаттандырылды,  «WhiteApple» ЖШС-гі банкрот деп танылды.

Банкроттық рәсімі кезінде анықталды,  «WhiteApple» ЖШС-нің лауазымды тұлғасы Б. «WhiteApple» ЖШС-гін тарату шешімін қабылдаған сәттен және мүліктің бағасы кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігін біле тұрып, алты ай мерзім ішінде  «WhiteApple» ЖШС-гін банкрот деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

Сот талап арызды қарап, борышкер мүлігінің барлық кредиторлардың талабын қанағаттандыруына жеткіліксіз болуына байланысты, лауазымды тұлға Б.  «Оңтайландыру және банкроттық туралы» заңның 11-бабының 2-тармағының 1,3-тармақшаларының талабын орындау міндеті жүктелді.

Сот шешімімен «WhiteApple» ЖШС-нің ББ-ның туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты