Соттаулшылар қылмыс жасауда кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында К., А., Т. және Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 309 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен айыптау (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істің фабуласы: 2016 жылдың маусым айында Алматы қаласы ІІД-нің ҰҚҚБ –ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласы Палладина көшесінің бойында орналасқан «Гулистан» кафесінде сотталушылар К., А., Т. және Б. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны анықталған.

Басты сот талқылауында сотталушылар К., А., Т. және Б. тағылған айып бойынша кінәсін мойындады.

Сот үкімімен сотталушылар К., А., Т. және Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 309 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оларға:

- К.-ға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1-бөлігінің 2 тармағының негізінде мүлкін тәркілеу арқылы 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

- Т.-ға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1-бөлігінің 2 тармағының негізінде мүлкін тәркілеу арқылы 1 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

- А.-ға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1-бөлігінің 2 тармағының және ҚР ҚК-нің 63 бабының негізінде 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды;

- Б.-ға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1-бөлігінің 2 тармағының және ҚР ҚК-нің 63 бабының негізінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі