Сотта методикалық көмек көрсету бойынша жиналыс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматы қалалық сотының судьясы, куратор Е.Кененбаев методикалық көмек көрсету бойынша қалалық соттың жұмыс жоспарының негізінде судьялардың қатысуымен 2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша жұмыстардың қорытындысын талқыланған жедел жиналыс өткізілген.

Талқылау барысында төрағалық етуші қатысушыларды сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру мәселесінде оң тенденциясын, оның ішінде апелляциялық және кассациялық тәртіпте өзгертілген үкімдер жоқтығын, ал алдыңғы жылда дәл осындай кезеңде үш тұлғаға қатысты үш үкім өзгертілгендігін, айқындайтын  статистикалық мәліметтермен таныстырған.

Жиналыс қорытындысында куратор «Төрелік» АЖ-не оның мәтінін еңгізуді, уақытылы апелляциялық инстанцияға істерді жолдауды  ұсынған.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі