Сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа берілген Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот басты сот талқылауында Р.-ны ұрлық жасады, яғни М.-ға тиесілі  құнды заттарын жасырын жымқырған соның салдарынан М.-аға 300 000 теңге залал келтірген.

Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады, жәбірленушіге келтірілген зиян өтелген, осы себепті жәбірленуші мен сотталушы медиация тәртібімен татуласқандарын айтып, қылмыстық іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Тараптарға ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде істі қысқартудың салдарлары түсіндірілді.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 222 бабының 1 бөлігі бойынша Р.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қысқартылып, сотталушы ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі