Сотпен талап арыздан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау Аудандық сотында, талап қоюшы А.Ш.-ның жауапкер О.Ш. «Ф» ЖШС-нiң жарғылық капиталындағы үлесінсатып алу-сату шартын бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа келесідей уәждерге сүйене отырып жүгінген: 10 ақпанда 2015 жылы ол жауапкерден сатып алу-сату шарты арқылы ЖШС-нiң жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алған. Соңынан «Флория» ЖШС-нiң 2013 жылынан бастап 2015 жылының ақпан айына дейінгі жұмыс аралығында2 117 602 522 тенге сомадағықосылған құн салығыесепке жазылғандығы анықталған. Талапкер жауапкердің аталған уақыт аралығында күмән келтіретін шарттарды жүргізіп, ол туралы талап қоюшыға хабарламағандығы оның тарапынан шартты едәуiр бұзғаны деп санайды.

Сотпен анықталғаны, тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, ол қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкес болған. Талапкердің сатып алып жатқан ЖШС-нiң салық берешегі бар екенін білмегендігі сотта өз дәлелін таппады.

Сот шешімімен талапкердің талаптарынан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне еңбеген.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі