Сотпен сақтандыру төлемін өндіру талабы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау Аудандық сотында, талап қоюшы «СК «Цесна Гарант» АҚ жауапкер Т.-ке сақтандыру төлемін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа келесідей уәждерге сүйене отырып жүгінген:«СК «Цесна Гарант» АҚ мен сақтанушы Д.-ның арасында «Ваз 21922» маркалы кепілдегі автокөліктің еркін сақтандыру шарты жасалған. Д. аталған автокөлікті жүргізу құқығын Т.-ке сенімхат арқылы 3 жылға берген. 24.01.2014 жылы Т., аталған автокөлікті жүргізе отырып Алматы қаласы Шевченко және Гагарина көшелерінің қиылысында Ю.-тың жүргізуіндегі «Даево» автокөлігімен соқтығысқан, оның нәтижесінде автокөліктерге залал келтірілген. Жүргізуші Т.-ың кінәлі екендігі  Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік істер жөніндегі сотының 17.02.2014 жылғы ӘҚ Кодексінің 610 бабының 1 бөлігі бойынша шыққан қаулысымен дәлелденген. Бағалау есебі бойынша автокөлікке 404 936 теңгеге залал келтірілген.«СК «Цесна Гарант» АҚ аталған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп санап 2015 жылдың наурыз айында АО «Цеснабанктың» мүддесіне 360 643 тенге сақтандыру төлемін жасаған. (404 936 теңге (залал сомасы) – 44 293 (франшиза) =сақтандыру төлемінің сомасы 360 643 теңге). Атаған сақтандыру төлемінің сомасын сот ҚР АК ның 840 бабының 1 бөлігіне сәйкес Т.-тен өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі