Сотпен мұраны қабылдау үшін мерзім қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер Р.В.А.-ның мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 2015 жылы арызданушының ағасы А.Х.Б. қайтыс болғаннан кейін, жер учаскісі бар тұрғын үй түрінде мұра ашылған.

Алдында, аталған мүлікке 13 қаңтар 2010 жылы нотариуспен қайтыс болғанның атынан арызданушының атына мұра куәландырылған.

Ол жерлеумен айналысып, содан кейін ұзақ уақыт емделіп және заңның талаптарын білмегендіктен, мұрагерлікті қабылдау мерзімінің уақытын өткізіп алған.

Сот отырыс барысында арызданушы арызын толық қанағаттандыруды сұрады.

ҚР АК-нің 1072-3 бабына сәйкес, егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі