Сотпен арызды қанағаттандыруда бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талап қоюшы П-ның жауапкер Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы ММ-сі, Алматы қаласының Алатау аудандық Ішкі істер бөлімінің әрекетін және шешімін даулау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, талапқоюшы сотқа Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы ММ-сі, Алматы қаласының Алатау аудандық Ішкі істер бөлімінің әрекетін және шешімін даулау туралы арызымен жүгінген, арызда арызданушы өзінің төлем қабілеттілігін растайтын анықтама тіркегеніне қарамастан, Қазақстан Республикасында аумағында тұрақты тұруға рұқсат ету заңсыз жойылған.

Сот азаматтық істі қарап, 26.03.2014 жылы арызданушы банкте шот ашып, 2 500 000 теңге ақшалай төлем салып, екі күн өткен соң, яғни 28.03.2014 жылы аталған соманы шоттан шешіп алған. 18.04.2017 жылы арызданушы Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өзінің төлем қабілеттілігін растайтын жалған мәлімет берген, осыған орай арызданушының арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі