Сот жұмыс берушіден еңбек ақыны өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы В-ның жауапкер «СН» АҚ-на, жауапкер жағындағы дербес үшінші тұлға «Ш» ЖСК-ға қатысты еңбек ақыны өндіру туралы және зейнетақы жарналарын аударуды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында талапкер В. мен оның сенімхат негізіндегі өкілі А. талап арызды толықтай қолдап отырып, соттан талап арызды толық көлемде қанағаттандыруды сұрады.

Сот отырысы барысында жауапкер «СН» АҚ-ның өкілі Зжәне басқарма төрағасы Т  талапкер В-ның талап арызын толық мойындап, арызды қанағаттыруды сұрады.

«СН» АҚ және В арасындағы талапкердің базалық жалақысы 350 000 теңге құрайтын жеке еңбек шарты жасалған.

ҚР Еңбек кодексінің 24 бабына сәйкес еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыены уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Талап арыз сот шешімімен қанағаттандырылды.

 Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі