Сот займ шарты бойынша қарызды өндіру туралы талапты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Д.Н.Д.-ң жауапкер Е.Л.Г.-дан қарыз шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 14 наурыз 2015 жылы Д.Н.Д. және Е.Л.Г. арасында нотариуспен куәландырылған қарыз ақша беру жарты жасаған.  Көрсетілген шартқа сәйкес, Е.Л.Г. талапкерден 930 000 теңге көлемде ақша алған, қайтару мерзімі 2015 жылдың 01 шілдесіне дейін.

Жауапкер қарыз шартында көрсетілген міндеттемелерін орындамаған, ақшаны осы кезге дейін қайтармаған.

Бірақ, Е.Л.Г. арыздағы талаптарды толық мойындап, қарызды төлеу туралы міндеттемеден бас тартпайтыны туралы түсініктеме берді.

ҚР АІЖК 226 бабының 5 бөлігіне сәйкес, жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда уәждеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

Сот, ҚР АІЖК-нің 223-226 баптарын басшылыққа ала отырып, Д.Н.Д.-тың талабын қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі