Сот ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа берілген Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың наурыз айының ортасында Р., Алматы қ., Қалқаман  ы/а, Қадыржанов көшесінде орналасқан үйде болғанда, оны ешкім көрмеген сәтті пайдалана отырып, Б-ға тиесілі құны 130 000 теңге құрайтын «Айфон 5» маркалы үялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалған.

Р., бірнеше рет жасырын түрдебөтеннің мүлкін  ұрлау  мақсатында Б-ның үйінде болғанда оған  тиесілі тонды байқады. Оны ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, өзінің бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыруға қылмыстық ойын іске асыру мақсатымен 200 000 теңге тұратын күзен тонды ұрлаған. Осымен Р. Б-ға барлығы 330 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы Р. өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді.

Жәбірленуші Б. соттан Р-ға қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде сотталушымен татуласқанына байланысты қысқартып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Р-ға қатысты қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен татуласқанына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қысқартылды.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі